2018-2019 оқу жылындағы мерекелік іс-шаралар. 1-қыркүйек алғашқы қоңырау салтанатты жиыны

1 қыркүйек 2018-2019 оқу жылының  «Алғашқы қоңырау»  салтанатты жиыны болып өтті. Салтанатты жиында алған сөз алған мектеп директоры К.М.Батырова мектеп ұжымын және мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерді 2018-2019 оқу жылымен құттықтады. Одан әрі өткен оқу жылындағы жетістіктерге шолу жасап өтті. Салтанатты жиынға мектебіміздің ардагер ұстаздары келіп, өздерінің жүрек жарды тілектерін білдіріп, жаңа оқу жылымен құттықтап, толағай табыстар тіледі.

Сонымен қатар, 2018-2019 оқу жылының 1 қыркүйек білім күніне орай сынып жетекшілер тәрбие сағаттарын өткізді. Бастауыш сынып жетекшілері «Туған өлкем –Жаңаөзен», «Туған жер-тұмса тарих», «Елу жылда ел жаңа»  тақырыптарында тәрбие сағаттарын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға  Жаңаөзен қаламыз туралы әңгімелепберу, көрікті жерлерін және әсем ғимараттарды көрсету, түсінік беру. Қаламыздың 50 жылда жеткен жетістіктері туралы айтып түсіндіру.

 

Жарияланған күні: 04-12-2018  



30-01-2018  

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар туралы ЖАДЫНАМА

Мақсаты: Террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету үшін арнайы және құқық қорғау органдарының жұмысына қоғамның және бизнес-қауымдастықтың оң көзқарастарын, сондай-ақ объект басшыларының (орта және ірі бизнес) әр түрлі меншік формаларындағы объектілердің қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі туралы көзқарастарын қалыптастыру. 

30-01-2018  

Ұйымдастырушылық педагогикалық іс-шаралар


31-12-2016  

Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз!

iconЖаңа Жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмыстағы бояудың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылып, әр шаңыраққа шуақ болып тарайды. Қай-қайсымыз болсақ та осы мерекелік кештен келесі Жаңа Жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі Жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа Жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін! 

22-10-2016  

«Тіл- қоғамның айнасы»

iconТілдерді  қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған іс-шаралардың барысы туралы «Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңы» бойынша мектебімізде бағдарламаны іске асыру мақсатында жоспар құрылды. Жоспар бойынша І жарты жылдықта  мынадай іс-шаралар атқарылды.Алдымен, оқу жылының 23-25.09.16ж. күндер аралығында «Тіл- қоғамның айнасы» тақырыбында тілдер апталығы жоспарына сай өтті. 

Соңғы жаңалықтар

12