Жартылай жетім, көп балалы және аз қамтылған мүжәлсіз отбасы балаларының жалпы білім беру қорынан тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі туралы

Бүгінгі таңда Жаңаөзен қаласы әкімдігінің "№20 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқу жылы басында аз қамтылған отбасы балалар саны 21 оқушы болған. 

    Оқушылардың тізімі 2019 жылы қаңтар айында ІІ  жарты жылдықта қайта қаралып, жартылай жетім, көп балалы және аз қамтылған мүжәлсіз отбасы балаларынан 22 оқушы және 1-ші сынып оқитын 102 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Тегін ыстық тамақпен қамтылған балалардың құжаттары талапқа сай жинақталып, комиссия отырысында қаралып, тізімдері бекітілді.Аз қамтылған отбасы балаларын мектеп асханасының жеке кәсіпкер Байбусинова Айгул тегін  ыстық тамақпен қамтамасыз етеді. Асхана заманауи талапқа сай жабдықталған: асхана бұрышы және онда екі апталық ас мәзірі бекітіліп қойылған. Балаларға асханада бекітілген ас мәзірі бойынша тамақ беріледі.  

Тегін ыстық тамақпен қамтылған оқушылардың кезеңге бөлінуі:

І кезеңде                                                               ІІ кезеңде

1 сынып - 102 оқушы                                         2 сынып - 2 оқушы

4 сынып - 3 оқушы                                             3 сынып - 5 оқушы

5 сынып - 2 оқушы                                             6 сынып - 3 оқушы

8 сынып - 2 оқушы                                             

9 сынып - 2 оқушы

10 сынып - 2 оқушы

11 сынып - 1 оқушы

Оқушылар жасақталған кесте бойынша өз уақытында келіп тамақтанады.Мектебіміздің басқа да оқушылары  компот, шай,тәтті тоқаш, самса, рогалик, сүзбе салынған бәліш сатып алып тамақтанады.

        Мектептегі тегін ыстық тамақпен қамтылған жартылай жетім, көп балалы және аз қамтылған мүжәлсіз отбасы балаларының, тегін тамақпен қамтамасыз етілетін

1 сынып оқушыларының тамақтануын,асхананың талапқа сай  жұмыс жасауын  және балаларға берілетін  тамақтың сапасын мектеп медбикесімен бірге комиссия мүшелері күнделікті тексеріп отырады.Мектебіміздің  санитарлық -гигиеналық жағдайын мектеп медбикесі қадағалап қарап отырады. Дайын тамақтың сапасын бақылау қорытындысы (бракераж ) журналына толтырылады.Ата-аналар асхана жағдайымен,берілетін тамақ сапасымен және  компот, шай,тәтті тоқаш, самса, рогалик, сүзбе салынған бәліш т.б. тағамдардың сапасымен танысып отырады. Асханада І-ІІ - ші кезеңдер бойынша кезекшілер бекітілген. Кезекшілер асханадағы тәртіпті қадағалап отырады.

   Күнделікті тамақтар ас мәзірі бойынша беріліп отыр, дәмі мен сапасы жақсы.  Асхана тазалығын, тамақтың сапасын комиссия мүшелері және медбике, әлеуметтік педагогпен ай сайын тексеріліп , акт жасалып тұрады.

Соңғы жаңалықтар